Жолаушылар қозғалысын басқару орталығы қатты аязда Өскемен қаласы тұрғындарының қоғамдық көлікті ұзақ уақыт күту себебін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Сол Жағалауда тұрамыз. Біздің жақтан қатынайын №24 бағыттағы автобустың қозғалысына көңіліміз толмайды. Өткен аязды күндері автобусты бір сағаттан артық күттім, болмаған соң такси шақыртуға тура келді, - деп шағымдады тұрғын Любовь Феофанова.
Жолаушылар қозғалысын басқару орталығының хабарлауынша, қатты аяз болған күндері маршруттағы 2-3 автобус техникалық ақуларға байланысты шықпай қалған. Мұндай кемшіліктер тек №24 автобусқа ғана қатысты емес, басқа бағыттағы автобустарда да орын алды.