Өңір аумағында өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында шетел азаматтарының тұрақты және уақытша тұрып жатқан мекен-жайлары, базарлар маңы тексерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәселен, Үржар ауданына қарасты Бақты ауылын тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының алты азаматы анықталды. Анықталғандай, олар еңбек қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсатынсыз автожуу құрылысымен айналысқан.
Аталған құқық бұзушылық үшін шетел азаматтары ҚР ӘҚБК 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес ел аумағынан шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жұмыс беруші азаматша ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігіне сәйкес 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.