«Парасатты адам», «адамгершілігі жоғары адам» ұғымдары қазіргі таңда көп қолданылмайтын, кейбіреулер үшін тіпті ескірген, заман талабына сай келмейтін сөздер ретінде қабылданады.
Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдында тұрған ауқымды мәселелердің бірі – «парасатты адам» имиджін арттырып, адалдық, әділдік және сатылмаушылық сияқты құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық қазақстандықтардың күш-жігерін біріктіру.
Сыбайлас жемқорлық деңгейі өте төмен елдердің озық тәжірибесін зерттей келе, сыбайлас жемқорлықты жеңудің бірден-бір жолы – оның алдын-алу екендігі, яғни превентивті шараларды кеңінен қолдану қажеттігі анықталды. Сондықтан, біздің алдымызда тұрған басты мақсат – қазақстандық қоғамның менталитетін, санасын өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың теріс көзқарасын қалыптастыру. Яғни, әрбір адам үшін парасаттылық қағидаттары: мінез – құлық нормасына айналуы тиіс.
Парасаттылық тек заңдылық пен әдепті сақтау ғана емес, бұл қоғамға қызмет ету құндылықтарына бейімділік, адамдардың мәселелеріне жанашырлық таныта білу. Тіпті азаматтың өтінішіне заңға ресми сілтеме жасай отырып, құрғақ заң тілімен емес, барлығын егжей-тегжейлі зерттеп, мәселені шешуге көмектесуге тырысу – бұл парасаттылық.
Сыбайлас жемқорлық індет, оған қарсы күрес міндет деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату. Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста, соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз қажет.
Осы орайда, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелері бойынша біздің Департаментке кедергісіз жүгінулеріне қолайлы жағдай жасау үшін, Прездент Қ.Тоқаев атап өткен «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Департамент жанынан халықпен жедел кері байланысты қамтамасыз ететін ерекше «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы ашылған.
Бұл жоба азаматтарға ашық және кедергісіз қызмет көрсету арқылы қажетті мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңестер алуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталық мемлекеттік органның азаматтар үшін ашықтығын, айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, «оpen space» және фронт-кеңсе форматында жұмыс істейді.
Орталықта заңгерлік және «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясында кеңестер алуға арналған арнайы бөлмелер орналасқан.
«ANTIKOR ORTALYGY» азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орталыққа айналмақ.
Сервистік орталықтың басты міндеті тұрғындармен кері байланыста кедергісіз жұмыс істеу. Сервистік орталық Өскемендегі Лихарева 2 мекенжайында орналасқан. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден кешкі 19.00-ге дейін біздің мамандар қызмет көрсетеді.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Е.Н.Жалмағамбет