Бүгін, 30 шілдеде Олимпиада ойындарында бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Buqaraq.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап
Дзюдо күресінен 81 келі салмақта Абылайхан Жұбаназар, әйелдер арасындағы бәсекенің 63 келі салмақ дәрежесінде Эсмигүл Куюлова бақ сынайды.
Бокстан ерлер арасында Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Сәкен Бибосынов (51 келі) Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Стенд атудан жекелей сында Мария Дмитриенко ел намысын қорғайды.
Қазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз!