Қазақстан делегациясының Париждегі Олимпиада ойындарына сапарын ұйымдастыруға мемлекеттік бюджеттен қанша қаржы бөлінді? Осы орайда ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Kazinform тілшісінің ресми сауалына жауап берді.
«Қазақстандық делегацияның қатысуына жұмсалған шығын қазір 896 687 000 теңге. Бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінген. Бұған спорт нысандарын жалға алу, сақтандыру, қазақстандық делегацияның ұшуы, штаб мүшелерінің тұруы мен тамақтануы кіреді», - деп жауап берді агенттік тілшісінің ресми сауалына.
Бұл ретте делегация мүшелеріне Олимпиялық ауыл аумағында тұру қарастырылған.
Қазақстандық дзюдошылардың 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы жарыс кестесі белгілі болғанын жазған едік.