Еліміздің шығысындағы Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжаковамен пенитенциарлық жүйе туралы қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды.
Жеке құраммен әңгімелесу барысында депутат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде жүзеге асырылып жатқан жобаларға, атап айтқанда, цифрландыру мен бюрократизацияны «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасына енгізуге тоқталып, елеулі өзгерістер мен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына толықтыруларға тоқталды. Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша қызметкерлердің ұсыныстары тыңдалды.
Жұмыс сапары барысында Ирина Унжакова Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ 156/3 қауіпсіздігі орташа колониясында жазасын өтеп жатқан азаматтарды ұстау жағдайымен танысып, медициналық-психологиялық қызметтің сапасын көрді.
ОВ 156/3 түзеу мекемесінде қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен қатар ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жұмысымен таныстырылды. Сапар барысында депутат үздік әскери қызметшілер белгіленген «Қызмет үздіктері» құрмет тақтасына назар аударып, жерлестерін мақтан тұтатынын жеткізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова өңірлерге жасаған сапарларында қазақстандықтардың маңызды әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салалардағы тілектері мен ұсыныстарын жинақтауды көздейтінін атап өтті.