Партияның облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті - ШҚО

683
көрілім

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов, партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңес және Бюро мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестердің және партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, жергілікті атқарушы және өкілетті орган жетекшілері, қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестігі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
    
Облыстық конференцияның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы және «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне делегаттардың тізімін бекіту мәселесі қаралды.

«AMANAT» партиясының Саяси платформасы ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады. Платформа Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасын, даму бағдарларын, қағидаттары мен саяси мақсаттарын қамтиды. Саяси тұғырнаманы  талқылауға партиялықтар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, азаматтық белсенділер белсенді қатысты. Платформа бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамада 40 000-нан астам партия мүшесі өз ұстанымын білдірді, 1 000-нан астам бастама түсті. Біздің міндетіміз – «AMANAT» партиясының жаңа саяси платформасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету»,-деді Даниал Ахметов.

«AMANAT» партиясы - халықтың үніне құлақ асатын партия. Саяси құжаттың «Білімді ел» бөлімінде біз тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын, ізденімпаз, өмірін білім мен кәсіби қабілетін жетілдіруге арнауға дайын азаматтарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет делінген.

«Біз, көптеген партияластар сияқты, «AMANAT» партиясының саяси платформасы бойынша жүргізілген  әлеуметтік сауалнамаға белсенді қатыстық. Біздің ұсыныстарымыздың  жаңа құжатта ескерілгендігін  атап өткім келеді. Мысалы, біздің ұсыныстарымыздың бірі Саяси платформа мәтінінің көлемін азайту болды, бұл оның мәнін жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Біз барлық тәжірибеміз бен қабілеттерімізді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашылық еткен жүйелі реформаларды табысты іске асыруға бағыттаймыз»,- деді «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының «Онкоцентр» бастауыш партия ұйымының төрағасы Анна Кухарева.

«Жаңа Қазақстанның жастары халқымыздың тарихын, тілі мен дәстүрлерін құрметтейді. Біз білімді болуға ұмтыламыз, заманауи дәуірдің талаптарына бейімделе аламыз. Технологиялық инновацияларды меңгереміз, көшбасшылық қасиеттерге ие боламыз. Шығыс Қазақстан облысының жастары «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасының жаңаруын толықтай қолдайды»,- деді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Қорлан Туғанбаева.

Конференция соңында 6 қазан күні Астана қаласында өтетін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне делегаттардың тізімі бекітілді.