Парыгино ауылының көшелерінде жортқан аң құну болып шықты

155
көрілім
Фото: doopt.ru сайтынан

Жергілікті тұрғындар белгісіз аңды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алтай ауданына қарасты елдімекенде болған оқиғаны орманшылар да растап отыр.
– Біздің ауданда соңғы кезде құнулар саны көбеюде. Оларды ешкім ауламайды. Жортқан бойы Бұқтырма жағалауымен кеткен болуы мүмкін, себебі оны ауылда ешбірі қайтып қайта көрмеді, – деді Төменгі-Тұрғысын орманшылығының қызметкері Александр Стаценко.
Анықталғандай, әккі аң ауылға қорек іздеп түскен немесе далада қаршана тепкендерден қорыққан.
Парыгино жұрты құнуды тамақтандыру жөн екенін жазды. Алайда тәжірбиелі орманшылар олай ету қауіпті екенін айтты.
- Жабайы аңға жақындамау керек. Себебі, кейбірінде ауру болуы мүмкін немесе тістеп алады. Құну – әмбебап жыртқыш және қорықпайтын айлакер жануар. Денесі шағын болса да, өзінен анағұрлым үлкен бұғы немесе маралды өлтіре алады, - дейді орманшы.