Шайды қайнатқан кезде жасанды рең пайда болғанын бірден байқаған тұтынушылар жуықта дабыл қақты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алматыдағы сынақ зертханасы әртүрлі шайдың сынамасын алып зерттеу нәтижесімен бөлісті. Соған сәйкес (Kelin Sai, Апамның Шайы, Al-Tamir, Al-Hayat, Al-Janat, Аль-Кайрат, Олжа Premium Tea, Hurrem-Sultan, Durrani Hashim Tea, Al-Faya Tea) бұл шайлардың құрамында көп мөлшерде тартразин Е102 және «Күннің батуы» деп аталатын Е102 сары бояғышының болуы анықталды. Алайда бұл қоспаларды өнімде қолдануға рұқсат етілмеген. Сонымен қатар, кейбір шай қаптамаларында өндірушінің атауы мен мекенжайы көрсетілмеген. Бірақ, сапасы нашар пәкістандық шайдың құрамында түрлі тағамдық қоспалардың барына қарамастан, еліміздің барлық жерінде сатылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті ұзаққа созылған дау-дамай нәтижесінде, 2024 жылдың наурыз айынан бастап бұл мәселе қолға алынатынын уәде етті.
Материал Zakon.kz ақпараты негізінде әзірленді