Пәтер алмақ болған семейлік алаяққа алданып, 2 млн теңгесінен айырылды

416
көрілім
Фотосурет Tengrinews.kz сайтынан

Семей қаласының тұрғыны «арзанға пәтер сатамын» деген алақтың тұзағына түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 34 жастағы ер адам банкте кепілдікте тұрған пәтерді сататындығын айтқан бейтаныс біреуге 2 млн теңге берген. Ақша қолына тигеннен кейін ол мүлде-хабар ошарсыз кетіпті. Жәбірленуші арада бір ай өткеннен кейін полицияға хабарласқан.

– Жедел іздестіру шараларын жүргізген Әуезов полиция бөлімінің сақшылары 58 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Өз кінәсін мойындаған ер адам ақшаны жұмсап тастаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.