Желтоқсан айының 12-сі күні Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 27 жастағы тұрғын жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшыларына 2019 жылы мамыр айының басында бейтаныс әйел Уәлиханов көшесінде пәтер алуға көмектесемін деп ақша жымқырғанын хабарлаған. Келтірілген шығын 2 700 000 теңге.
- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жауап алу кезінде күдікті қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады, - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.