ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес ер адам мас күйде тұрып соққы жұмсаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, былтыр наурыз айының 23-і күні 30 жастағы тәртіп сақшысы қызмет барысында ер адамды ішімдік ішкені бойынша медициналық куәландыруға жеткізу үшін шақыртуға келген. Алайда масайған ер адам полицейдің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қолына түскен темірмен бірнеше соққы жұмсапты.
– Соның салдарынан дене жарақатын түсіріп, киім-кешегін зақымдады. Полицейдің кәсіби іс-әрекеті арқасында қаскүнем қолындағысынан айырылып, ұсталған. Сот үкімімен оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген мәліметте.
Глубокое ауданының 34 жастағы тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды (билік өкiлiне қатысты күш қолдану).