11 қарашада Өскеменде тұратын Светочева Анастасия Павловна 101-ші туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анастасия Светочева – Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі кавалері.
1942 жылы мамырда Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Ленинградтағы 26-шы Қызыл Ту полкінде болды. Ленинград блокадасын бұзуға және қорғаныс шайқастарына қатысты.
1948 жылы Анастасия Павловна еліне оралды.
Ол «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
policeyler_101_zhaska_tolhan_ekinshi_duniezhu
49