Полигонның жабылуынан - бейбіт атомға

398
көрілім

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуымен қатар атап өтіледі. Бұл шешім бүкіл әлемдік антиядролық қозғалыстың тағдырын өзгертіп, елдің одан әрі даму жолын айқындады.

1991 жылғы 29 тамызда әскери-өнеркәсіптік кешеннің қатаң қарсылығы жағдайында Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тағдыршешті шешім қабылданды.
"Біздің балаларымыз бейбіт өмірде өмір сүрулері керек. Біз әрдайым полигон құрбандарын еске аламыз!",- деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгінде Қазақстан-әлемдік антиядролық қозғалыстың мойындалған көшбасшысы, ал ядролық сынақтардан зардап шеккен жердегі Атом энергиясы бейбітшілік пен прогресс мақсатында пайдаланылады.
Әлемдік қоғамдастыққа бейбіт атомның дамуы туралы біздің хабарымыз әлемдік тарихта ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың дүниежүзілік күні болып белгіленді.

Бұдан басқа, Қазақстан әлемдегі қуаты бойынша төртінші ракеталық-ядролық әлеуеттен (АҚШ, РФ және Украинадан кейін) бас тартты. 1994 жылы Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) мүшесі болды. 1995 жылдың мамырына қарай ядролық қару Қазақстан аумағынан шығарылып, зымыран қондырғылары жойылды. Сол кезде Қазақстан аумағында 1400 ядролық оқтұмсық орнатылған 104 құрлықаралық баллистикалық зымыран орналастырылды. Аэродромдарда 370 қанатты ядролық зымырандары бар ТУ-95 МС 40 стратегиялық бомбалаушы болды. Бұл әлеует Франция, Ұлыбритания және Қытайдың жалпы ядролық күштерінен асып түсті.
1996 жылдың  30 қыркүйегінде Қазақстан ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қатысты.
Кезінде Семей полигонының қажеттіліктері үшін құрылған Курчатов қаласы қайтадан ғалымдардың зерттеу орталығына айналады.
Бүгінгі таңда Ұлттық ядролық орталық орналасқан Курчатов қаласы инновациялық технологиялардың орталығы болып отыр.
Айта кетейік, Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялау (2006 ж.); 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау (2011 ж.) сияқты халықаралық ауқымдағы айтулы тарихи оқиғалар Шығыс өңірмен тығыз байланысты.