Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Президент ел көлемінде бірнеше облыс біріктірілгендігін айта келе кейбір қалалар мен елді мекендерде тұрғындар саны азайып кеткендігін жеткізді.
– Шығыс Қазақстанда Абай облысы құрылуы тиіс. Қазіргі уақытта Семей қаласының ішкі инфрақұрылымы айтарлықтай тозып тұр. Алдағы уақытта ұлы Абай өмірге келген өңір жаңа келбетке ие болуы қажет, – деді Президент.