Президент балалардың хаттарына жауап берді

416
көрілім
Фото:aqmeshit-zhastary.kz сайтынан

Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Биыл аталған жоба аясында Мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келіп түсті, соның ішінде көпбалалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды.

Бүлдіршіндер өз хатында велосипед, домбыра, компьютер, жазғы лагерьге жолдама және басқа да заттарды сыйлыққа алуды, тіпті Астанаға келіп, «Ақорда» резиденциясын аралап көруді сұраған.

Балалардың хаттарына жауап берген Президент оларды Жаңа жылмен құттықтады.

Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді.

Мемлекет басшысы балаларды білімге құштар болуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, табиғатты аялауға және жақсылық жасауға шақырды.