Президент Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды

134
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайтыны белгілі болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде оның Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына сапары жоқ», — деді Берік Уәли.

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққанын жазған болатынбыз.