Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Өскемендегі бірнеше спорт нысанын аралады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Орталықта ірі жарыстар, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындары, инваклуб спортшылары мен «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби дайындықтар өткізіледі.
Мемлекет басшысы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен әңгімелесіп, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа балаларды баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар Президент үстел теннисі орталығына автобус сыйлады.