Мемлекет басшысы қазіргі Жолдауында аймақтық экономиканы дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі таңда шет ел компаниялары Қазақстанға көше бастағанын, сондықтан бұл мәселе өте өзекті болып тұрғанын баса айтты.
- Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым мол ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағидаға айналуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады. Барлық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімдерін жеке меншікке беру мәселесін шешу қажет. Жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі түрде жүргізу керек. Бұл Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.