Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы «Өскемен қалалық сүт комбинаты» ЖШС-нің жабдықтары белгіленген нормаларға сәйкес емес деген уәжбен субсидия бермеген. Іске прокуратура араласқаннан кейін кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған іс ШҚО прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша өткізген кеңес отырысында қаралды. Облыстық прокуратураның жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша кеңеске «Өскемен қалалық сүт комбинаты» ЖШС басшылығы даулы мәселеге қатысты заңдылықты анықтап беруді сұраған. Серіктестік берілген өтінімге қарамастан сүт өнімдерін сату үшін мемлекеттен жеңілдікпен субсидия ала алмаған. Себебі облыстық ауыл шаруашылық басқармасы ұйымның жабдықтары белгіленген нормаларға сәйкес емес деп уәж білдірген. Алайда заң бойынша субсидия өндіруші пайдаланатын жабдықтардың сапасына қарамай беріледі. Прокуратураның араласуынан кейін ЖШС өзіне тиесілі 150 млн.астам теңге сомасындағы субсидияны алатын болды.
Мейрамбек Қосажан
Фотосурет: Kapital.kz