ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов осылай деп мәлімдеді, Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– Қазір прокурор қанша тексеремін десе де, уақыты шектеусіз. Кейбір тексерулер бір жылға дейін жалғасады. Өйткені талап жоқ. Енді оның мерзімі 30 күн ғана болады, кей жағдайда оны тек бір айға ұзартуға мүмкін болады, – деді Жақып Асанов.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында тексерілетін субъектілердің құқықтары шегелеп көрсетілген. Бұрын тексеруге жататын субъектілердің құқықтары қолданыстағы заңда қамтылмаған.
– Қолданыстағы заңда «прокурордың міндеті» деген бап мүлдем жоқ. Онда құқық пен құзыреттілік ескерілген. Заң жобасында барлығын ашып жаздық. Басты міндетіміз — халықтың сеніміне қызмет ету, – деді Бас прокурор.