Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы республикадағы облыстық маңызы бар үздік мемлекеттік кітапхана деп танылды

543
көрілім

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына» конкурсының қорытындысы бойынша А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы республикадағы облыстық маңызы бар үздік мемлекеттік кітапхана деп танылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

21-22 мамыр күндері Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарамасы аясында Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» атты фестивалі болып өтті. Фестиваль аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Рухани қазына» конкурсы қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік кітапханасын анықтады. 

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы республикадағы облыстық  маңызы бар үздік мемлекеттік кітапхана деп танылып, арнайы диплом және 1 000 000 теңге қаржылай жүлдені иеленді.