Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысы кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара барысында ауыл шаруашылығы басқармасынан бөлініп шыққан жаңа ведомство – ветеринария басқармасына Рамиль Сағындықов басшы болып тағайындалды. Ал Ажар Қаджыбекова ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін жалғастырады.
- Ветеринария саласы бойынша сұрақтар әлі де бар. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Шындап келгенде, ветеринария дегеніміз – ұлт саулығымен тығыз байланысты сала, - деді облыс әкімі.
Мұның ұтымды шешім болғанын атап өткен өңір басшысы Ермек Көшербаев алдағы уақытта басқармалардан нақты нәтиже күтетінін айтты.