Ресейде ұрланған автокөлік ШҚО-дан табылды

1000
көрілім

Ресей Федерациясында ұрланған автокөлік өңір аумағында анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Риддер қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасын (ЖЕА) өткізу барысында 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы автокөлік тоқтатылды.

- Тексеру барысында аталған көлік Ресей Федерациясының Челябинск облысы Магнитогорск қаласында ұрланған есебінде тұрғаны анықталды. Қазіргі уақытта көлік арнайы тұраққа қойылып, материалдарды Ресей Федерациясына жолдау үшін алғашқы шаралар жүргізілуде, - делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.