Ресейлік азамат 3 жыл Қазақстан азаматы ретінде зейнетақы алған

366
көрілім

Глубокое ауданында Қазақстан Республикасының азаматы ретінде 3 жыл зейнетақы алған РФ-ның азаматы анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері күнделікті облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, басқа елдің азаматтығына кіргенге дейін ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан бас тартуы қажет. Ол үшін 30 күн ішінде ішкі істер органдарына басқа мемлекеттің азаматтығын алу туралы хабарлау, сондай-ақ ҚР төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсыру қажет. Өкінішке қарай кейбір өңір тұрғындары бұл жағын елемейді, сондықтан қос азаматтық фактілерінің өсуі байқалады.

Мәселен, тәртіп сақшылары 1 қазанда осыдан бес жыл бұрын, яғни 2016 жылы Қырғызстанның азаматтығын қабылдап, Қазақстан аумағында тұрып, ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланған Қырғыз Республикасының 28 жастағы азаматын «Семей-Өскемен» әуе рейсінен алып тастады.

Мамандардың айтуынша, қос азаматтықпен жүрудің бірнеше себептері бар: бұл карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту. Төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл эмиграция мүмкіндігі: жаппай тәртіпсіздіктер, қылмыстық қудалау, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, материалдық артықшылықтар алу, атап айтқанда зейнетақы есебі, балалардың тууы кезіндегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік шарттары.

Қос азаматтықтың тағы бір жағдайын Глубокое ауданының Көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтады.

4 қазанда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру кезінде 19 жыл бұрын Ресей Федерациясының азаматтығын алған аудан орталығының 66 жастағы тұрғыны анықталды. Ер адам 16 жыл бойы Ресейден зейнетақы алып, 2018 жылы зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін ҚР аумағында зейнетақы ресімдеген. Қазіргі уақытта заңсыз алынған ақша қаражатын қайтару мәселесі қарастырылуда.

- Қазақстан азаматтарының құжаттарын пайдаланғаны үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО аумағында тәртіп сақшылары 60-тан астам «қос азаматтығы» барларды анықтады, осыған байланысты көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды. Тәртіп бұзған жағдайда азаматтар әкімшілік Кодекстің 496-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.