Қазақстанға саяхаттап, демалу үшін келген әйел Омбы қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
35 жастағы әйел Риддердің көркем табиғатында уақыт өткізу үшін келген. Сноуборд тебу кезінде ағашқа соғылып, аяғын сындырып алды.
ТЖД қызметкерлері дер кезінде келіп оның аяғын абайлап көтеріп, тау етегінен түсірді. Сол жерде жедел жәрдем қызметі оларды күтіп тұрды.
Осылайша, туриске көмек көрсету операциясы сәтті аяқталды.
reseylik_turist_ridderde_taudan_syrhanay
59