Бұл туралы облыстағы ХҚКО өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- ҚР ІІМ ӘПК базаларындағы ақауға байланысты мамандандырылған ХҚКО-да автоқызметтер көрсетілмейді. Жүйенің іске қосылғаны туралы қосымша хабарлаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ІІМ жүйелерінің жұмысындағы техникалық ақаулықтарға байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері кешегі күннен бастап қолжетімсіз. Әріптестеріміз барлық мәселелерді шешкеннен кейін, біз күшейтілген режимде жұмысты бастаймыз.
Барлық клиенттерді қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - делінген мәліметте.