Республикалық жедел алдын алу шаралары өтуде

542
көрілім

«Шартты түрде» атты республикалық жедел алдын алу шаралары өту барысында пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе, есепте тұрған сотталған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша және ойын сауық кешендері бойынша кешкі уақыт аралығында тексерістер жүргізілуде. Бұл жайлы Солжағалау аудындық пробация қызметінің психологы айтты.

Жүріп жатқан іс-шаралар барысында Солжағалау аудындық пробация қызметкерлерімен атқарылған жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Шара барысында қоғамнан оқшаулаға байланысты емес жазаларға сотталған адамдарды қайталама құқықбұзушылық жасаған немесе жасамағандары туралы базалардан тексеріледі. Шараның негізгі мақсаттарының бірі – қайталама құқықбұзушылықты болдырмау және оларды алдын алу.

«Салыстармалы түрде жүргізілген талдау нәтижелеріне сүйенетін болсақ, 2020 жылды 6 ай уақыт аралығында 8 адаммен 9 қайталама қылмыс жасау фактісі тіркелген болса, 2021 жылдың 6 айы ішінде қайталама 2 адаммен 2 құқықбұзушылық орын алды. Сонымен қатар, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза өтеу ережелері мен тәртібін тиісті сақтамағандары үшін және қайталама қылмыстық құқықбұзушылыққа жол беріп жаза түрі бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар саны 2,5 есеге артты, яғни 2020 жылдың жартыжылдығында түзеу мекемелеріне жол тартқандар саны 8 адам болса, ағымдағы жыл аралығында 15 адам тіркелген.

Алайда, үлгілі тәртібімен ерекшеленген тіркелуші тұлғаларды мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар саны да айтарлықтай арта түскенін де атап айтпасқа болмайды. Дәлірек келетін болсақ, көрсеткіш 14 адамнан 27 адамға дейін өскен.

Яғни, осындай профилактикалық шаралардың өтуі пробациялық бақылау жасаудағы оң нәтижесін беруде» - дейді Мөлдір Кабибиева.