Қала басшысы Дәулет Батырбаев жуықта брифинг өткізіп, бірқатар сауалға жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұның алдында облыс әкімі Ермек Көшербаев бөлінген 60 млн теңгеден астам қаражатты кәдеге жарата алмаудың айтарлықтай кемшілік екенін жеткізген болатын. Дәулет Бахитұлы бұған қатысты жауап берді.
– Иә, ол сомма облыс қазынасына қайтарылды. Былтыр 66 млн теңге игерілмей қалды. Екі жобаға бағытталған болатын. Осы жылы соларды тәмамдап, аталған сомманы толық игереміз. Ол Ұлттық қордан бөлінген қаржы, – деді жауапты тұлға.
Әділхан ЕСІМХАНОВ