Ол, бір күнде үш мекеме басшыларын сан соқтырды. Өзін «ШҚ АЭК-ның» қызметкері ретінде таныстырып, электр қуаты өшірілетіндігін айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бірінші мекемеден 3200 теңге ақша алған. Сондай ақ дәріхана мен қалалық қонақүйден де 2700 теңге талап еткен. Жалған ақпарат екендігін білген соң алданғандар тәртіп сақшыларына шағымданған.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында 38 жастағы облыс орталығының тұрғыны тергелді. Анықталғандай күдікті бұған дейін де бірнеше рет сотталып, Өскемен қалалық Полиция басқармасының тіркеуінде болған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.