Риддер қаласында жүргізуші әйел мен жеті жасар баланы қағып кетті

317
көрілім

Жаяу жүргіншілер жолағында көлік астына түскен бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 58 жастағы риддерлік «Chevrolet Aveo» көлігімен теміржол вокзалынан  Вокзальный көшесіне қарай жүріп келіп жатып, реттелмейтін жаяу жүргінші жолағында балалы әйелді қағып кетті. Соның салдарынан 43 жастағы әйел адам мен оның жеті жасар қызы зардап шекті. Қыз бала дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер анасын  тексеріп, денсаулығына еш қауіп жоқ екендігін айтты.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.