Риддер қаласында жанармай құю станциясында бір аптадан бері жағармай жоқ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тамыз айының басынан «ЛНП» жанармай құю станциясында ондаған көліктер шекті мөлшердегі жағармай үшін кезекке тұруда.
Қала тұрғындары бұл жағдайдың орын алғандығы бірінші рет емес екендігін айтады. Олардың сөзінше, жанармайдың жетіспеушілігі жыл сайын қайталануда.
Риддерлік станцияның өкілдері оның себебін жанар-жағармай тасымалының нашарлығында дейді.
– «ЛНП» станциясында жұмыс жүйесі бұзылды. Апта соңына қарай тұрақталады деп сендірді. «ҚазМұнайГаз» және «Helios» жанармай құю бекеттерінде мұндай кемшілік байқалмайды, – деп жазды Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов өзінің инстаграмдағы аккаунтында.