Риддер қаласының тұрғыны дүкенде көкнәр сабағын сақтаған

328
көрілім

Қазан айының басында «Қарасора», «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында есірткі сақтау фактісі жайлы ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақты айтсақ, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне Риддер қаласы тұрғынының есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны туралы жедел мәлімет түскен. Жедел уәкілдер дереу ақпаратты тексеруге кірісті.

- Қазан айының 6-сы күні тінту іс-шараларын жүргізу барысында Риддерде 73 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі дүкендердің бірінен құрамында есірткі заты бар тағамдық көкнәр табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 30 грамнан асатын көкнәр сабағы есірткісі болып шықты, - делінген мәліметте.

ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.