Ақпан айының 18-і күні Риддер қалалық Полиция бөліміне 51 жастағы ер адамның пәтерінде жеке тінту жүргізу барысында оқ-дәрілер анықталғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нәтижесінде күдіктіден 199 дана патрон табылып, тәркіленді. Олар маман қорытындысына сәйкес 5,6 мм калибрлі ойық қаруға арналған оқ-дәрілер мен 6 дана патрон, тегіс ұңғылы қаруға арналған 16 калибр оқ-дәрі болып шықты. Олардың барлығы атуға жарамды.
– Бұл ретте 5,6 мм калибрлі 199 патрон зауыттық тәсілмен дайындалған, ал 16 калибрлі 6 патрон қолдан жасалған тәсілмен жарақталған. Ұсталған ер адамның азаматтық қарудың иесі емес екені анықталды, делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.