Риддер қаласының тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына ұшырады

312
көрілім

Риддерде 21 жастағы ер адам автокөлікті заңсызайдап кетіп, жол апатына түсті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қараша айының 22-сі күні 36 жастағы жүргізуші жол-көлік оқиғасы туралы Риддер қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Патрульдік бригада дереу сол жерге жіберілді.

Оқиғаның мән-жайын түсіндіру барысында 21 жастағы ер адам Весенняя көшесінің ауласында тұрақта тұрған «Subaru Legacy BL5» көлігін заңсыз иемденген. Ұрланған автокөлікті тізгіндеп бара жатып, рульді басқара алмай «Honda Accord» автокөлігіне соғылады.

Күдікті қылмысын мойындады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.