Риддер тұрғындары жаңажылдық бас шыршаны сынға алды

485
көрілім

Риддер қаласының орталығы табиғи шыршамен безендірілген, алайда кейбір тұрғындар «шенеуіктер жасанды шырша орнатқанда әлдеқайда жақсы болар еді», - дейді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Риддерліктер орталық алаңға орнатылған шыршаны әлі де талқылауда. Әлеуметтік желідегі пікірлерде халық «Мұндай шыршаға қанша қаржы жұмсалды?» - деген сауал қоюда.

- Меніңше жыл өткен сайын ұйымдастыру шаралары нашарлап бара жатыр. Сонымен қоса шырша 1 желтоқсанда емес, 20 желтоқсанда орнатты, - деп жазды қала тұрғыны.

- 2020 жыл қарсаңында табиғи шыршаны кесіп әкеліп орнатты. Сөйте тұра балаларды «Жасыл шыршаны сақтайық» акциясына шақырады, бірақ өздері не істеп жүр?, - дейді Анна Хохленок.

Өскемен қаласында орнатылған жасанды шыршаны қала тұрғындарының кейбірі ұнатпады. Оны ғаламтордағы фотосуреттерден көрген өскемендіктер «ойыншықтары аз» деп сынға алды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы5ы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметі шыршаны безендіруге 3110 дана ойыншық, 432 қар бейнесіндегі ойыншықтар мен 1435 метр гирлянда ілінгенін айтады.