Риддер тұрғыны өз танысынан смартфон жымқырған

366
көрілім

Былтыр қаңтар айының соңында Риддер қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны хабарласып, әлдекімнің ұлын тонып кеткендігіне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары былтыр маусым айында шағымданушының танысы ұлының 400 мың теңге тұратын смартфонын қолды қылғанын анықтаған.
Кейін «ВАЗ» көлігінің салонынан телефон үптеп кетті деген күдікпен 24 жастағы қала тұрғыны қолға түсті.
- Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта қаладан шықпау туралы қолхатпен жүр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігіне (тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы  жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын  көздейді, - делінген мәліметте.