Риддер тұрғыны жылыжайда қарасора өсірген

366
көрілім
Шартты сурет

«Қарасора» ОПМ кезінде криминалдық полиция қызметкерлеріне Риддер қаласының 63 жастағы тұрғыны бау-бақшалардың бірінде орналасқан саяжайда марихуана өсіріп жатқаны туралы жедел ақпарат түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеру барысында ол арнайы жабдықталған жылыжай тауып, оның ішінде жасырын түрде 480 түп қарасора өсірген. Тұрғынның көршілерінің айтуынша, оның мұндай «қара» кәсіппен айналысатынына тіпті күдіктенбеген.

ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша:

– Осы аталған фактіні алға тарта отырып,ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.