Риддер тұрғынын ата-ана құқығынан айыруы мүмкін

449
көрілім

Қараша айының 1-і түскі уақытта 3 жасар ұлымен бірге тұратын 41 жастағы қала тұрғының үйі тексерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл отбасы Риддер қалалық полиция басқармасында «қолайсыз отбасы» ретінде есепте тұрғаны анықталды.
 - Полиция қызметкерлері олардың тұрмыстық жағдайларын тексерді. Соның нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды: әйел мас күйінде болды, үйде суық азынап тұр, онымен қоса шашылып жатыр, бала әбден ашығып, үсті-басы кір болған. Сонымен қатар үйде баланың қолайлы өмір сүруі үшін жарық, су және басқа да қажетті жағдайлар мүлдем жоқ болып шықты. Аталған жағдайды ескере отырып, бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, одан әрі кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына ауыстыру жоспарланған, - делінген мәліметте.
Тәртіп сақшылары анаға қатысты, ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішпен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға материал дайындады.