Риддерде анасын ұрып өлтірген ер адам түрмеге қамалды

470
көрілім
Шартты фотосурет

Риддер қаласында анасын ұрып өлтірген ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жайлы Риддер қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

- ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған) сәйкес қаралған қылмыстық іс мәресіне жетті. Белгілі болғандай, өткен жылдың 30 қарашасында ішімдік ішкен айыпталушы туындаған жанжал барысында анасының бетіне бірнеше рет соққы жасаған. Осының салдарынан ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған әйел адам көз жұмды. Сот барысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін жеткізді, - делінген хабарламада.

Сот қаулысы бойынша айыпталушы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Екі тарап та үкіммен келісіп, апелляциялық шағым түсірмеген. Үкім толықтай заңды күшіне енді.