Риддерде дәрігерлер тапшылығын қысқарту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілуде

400
көрілім

Бұл жөнінде облыс орталығында өткен жиында Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов тоқталып, жүргізілген жұмыстар жайлы айтып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, үстіміздегі жылдың 10 айындағы мәлімет қорытындысы бойынша Риддердегі нәрестелердің туу көрсеткіші – 525. Дегенмен қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болған жандар да аз емес. Ал жалпы өлім-жітім саны 712 адамды құраған. Осы орайда қызметке ақ халаттыларды жан-жақты тарту жағы да бір бағытқа қойылып келеді.

– Жыл басталғалы қала көлемінде 10 дәрігер жұмысқа орналасты. Тағы 9 маманға сұраныс бар. Қазір ұзын-саны 176 дәрігердің ішінде орта медициналық персоналдар да қызмет етуде. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі кезінде болашақ мамандарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жасалатын жеңілдіктерге тоқталып өтеміз, – дейді қала әкімі.

Жомарт Хайдарұлы келген мамандарға пәтерлер де берілетінін тілге тиек етті. Одан бөлек, «Казцинк» ЖШС тарапынан 1 миллион теңге мөлшерінде көтерме ақы төленеді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ