Ақпан айының басында Риддер қалалық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне заңсыз ағаш кесу бойынша ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО табиғатты қорғау ресурстары басқармасы мен ШҚО ӨКМ-нен бір күн бұрын Бутаков орманшылығында рейд жүргізу кезінде көлемі 73,78 текше метр 52 қарағай ағашын заңсыз кесу бойынша ақпарат түскен. Келтірілген шығын 450 000 теңгеден асып жығылды.
- Қылмыс орнына келген тәртіп сақшылары табиғатқа зиян келтірді деген күдікпен Глубокое ауданының 45 жастағы тұрғынын анықтап, оған бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340 - бабы 2-бөлігіне (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.