Қазан айының ортасында полиция қызметкерлері Риддер қаласы көшелерін патрульдеу кезінде жол ережесін өрескел бұзған «Toyota» маркалы автокөлігін байқаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алайда жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, қайта жылдамдықты арттырып жасырынбақ болған.
Тексеру кезінде көлікті басқарған 36 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Құжаттарды тексеру кезінде одан алкогольдің иісі анық байқалған. Мамандар айтуынша, куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушіде орташа ауырлықтағы алкогольдік масаңдықты көрсетті.
Жүргізушінің екі жыл бұрын көлік басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғаны анықталды.
- Аталған факті бойынша ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы). Оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.