Риддерде құрамында алтыны бар кен ұрламақ болған екі адам қолға түсті

729
көрілім

Ақпан айының басында Риддер қалалық полиция басқармасына тұрғындардың ұрлықпен ұсталғандығы туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, қаңтар айының соңында Риддердегі кен орны аумағында қаланың 36 және 31 жастағы тұрғындардың құрамында 21 кг 525 грамм алтын рудасы бар қаппен ұсталғаны туралы ЖШС-нің хабарламасы түскен. Кәсіпорынға келтірілген шығын 435 000 теңгені құрайды.

- Күдіктілер тергеу барысында кінәларын мойындап, оқиға орнынан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олардың арқанның көмегімен ашық өткел арқылы кеніштің шахтасына түскені анықталды. Кейін қаптарды кенмен толтырып, сыртқа шықпақ болғанда кәсіпорын күзетшілерінің қолына түскен.

Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баптың санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.