Риддерде мектеп салынбақ

136
көрілім
Фотосурет Egemen.kz сайтынан

Облыс әкімдігі өкілдерінін мәліметінше, құрылыс кеншілер қаласындағы 5-ші шағын ауданда басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, облыс және Риддер қаласы әкімдігі мен «Қазцинк» компаниясы арасындағы үшжақты шарт шеңберінде 600 орындық мектеп салу жоспарлануда.
- Нысан құрылысы үшін Риддер қаласы әкімдігінің 27.02.2024 жылғы №186 қаулысымен бесінші шағынауданы, 12а мекенжайынан ауданы 3,1251 га жер учаскесі бөлінді, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта «Восток МАССИВПРОЕКТ» ЖШС жобалау ұйымы маусым айының соңына дейінгі мерзіммен жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. Сараптама қорытындысын алу биыл шілде айында жоспарлануда.
- Жоғарыда аталған мектепт ең заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады. Сондықтан жаңа мекеменің құрылысы балаларға, мұғалімдерге және ата-аналарға тамаша сыйлық болады, - делінген ақпаратта.