Тілсіз жау ақпан айының 15-і күні Риддердегі Боровая көшесіндегі жер үйлердің бірінен шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына жеткенде жалпы ауданы 36 шаршы метр болатын үйдегі заттар, жиһаздар мен шатыры жанып жатқан. Жалынды ауыздықтау кезінде өрт сөндірушілер үйдің сыртқы дәлізінде ес-түссіз жатқан ер адамды құтқарды. Зардап шегушінің 1980 жылы туғаны анықталып, құтқарушылар дереу жедел жәрдем дәрігерлеріне хабарласты. Өрт сөндіру кезінде үйден үш газ баллоны шығарылды,– делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған мәліметте.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебін анықталуда.
ridderde_ort_sondiru_kezinde_er_adam_kutk
59