Риддерде тасжолға лай көшкін түсті

116
көрілім

Риддер қаласында тасжолға лай көшкін түсіп, қоғамдық көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

9 сәуірде қаладағы 4 аудан мен Лесное ауылын қосатын тасжолдың бойында лай көшкін түсті. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көшкіннің жалпы көлемі шамамен 150 текше метрді құрайды.
«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Лай көшкінінің түсуіне беткейден аққан қызыл су себеп болып отыр. Көшкін салдарынан электр желісі қуат көзінен ажырап, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап қалды», - делінген ақпаратта. 
Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау желісі қалпына келтіріліп, жол тазартылып жатыр.