Риддерде тау жынысы басып қалған шахтадағы жұмысшы құтқарылды

363
көрілім

Риддер қаласында опырылған тау жынысында қалып қойған жұмысшы екі күннен соң құтқарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– 7 қаңтар күні сағат 03.00 шамасында құтқару тобының бірлескен қимыл-әрекетінің нәтижесінде кенші шахтадан аман-есен шығарылды. Оның денсаулық жағдайы қалыпты. Толықтай тексеруден өту үшін ауруханаға жіберілді, – деп хабарланды «Казцинк» ЖШС-нің Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, 5 қаңтар күні «Казцинк» ЖШС-ға қарасты Риддер тау-кен байыту кешенінің Риддер-Сокольный кенішіндегі учаскелердің бірінде тау жынысы опырылып, шахтадағы 1 жұмысшы сыртқа шыға алмай қалған. Лезде құтқару штабы құрылып, сол жерге арнайы мамандар мен техникалар тартылған болатын.