Риддерде Тұңғыш Президент күні аясында қайырымдылық шаралары өтті

410
көрілім

Риддерде қайырымдылық шарасы жалғасын табуда. Осы орайда Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік қызметшілер 27 жалғызбасты мүгедек пен аз қамтылған отбасылардың хал-жағдайын біліп, айтулы күн қарсаңында құттықтауларын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалар аталған шаңырақ иелеріне азық-түлік, оның ішінде макарон, шұжық өнімдерін, қант, шай, түрлі тәттілер және жеміс-жидек пакетін ұсынды. Бұдан бөлек, «Бірлік» кәсіпкерлер қауымдастығы ауруханадағы неврология бөліміндегі науқастарды да құттықтауды шет қалдырмады. Тәттілерін тарту етіп, концерттік бағдарлама да ұйымдастырды. Тыл еңбеккері Р.Д.Должникованы (1936 жылы туған) қыстық отынмен қамтамасыз етті.

– Қамқорлығын аямай, көмегін беріп жүрген қала әкімдігіне алғыстан басқа айтарым жоқ. Қарттарды бір сәт те назардан тыс қалдырмай, орайы келгенше материалдық көмектерін көрсетіп жүреді. Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, шаңырақтарыңызға береке-бірлік тілеймін, – деді Раиса Анисимова (мүгедек жан).