Соңғы уақытта тұрғындардан пәтерлердің суып кеткені жөнінде шағым жиілеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үйлердің іші ғимараттардың бұрыштары мен қабырғаларының қымталмауы себепті азынап кеткен. Осы ретте психрометрмен тексеру әдісі - аспаптың көмегімен тексеріп шығып, ең суық және жылу шығындары бар жерлерді анықтау. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жөндеу-пайдалану қызметінің мамандары екі үйде зерттеу жүргізді.
Терезелері, батареялары, шатырлары және қоршау конструкцияларымен қоса тұрғын үйлерді осы әдіспен тексеру нәтижесінде мамандар Гагарин және Белинский 25 көшелерінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердегі жылу контурының жай-күйі туралы объективті түрде талдауға мүмкіндік беретін ақпарат алды.
Зерттеулер ғимараттардың ішіндегі үй-жайлардан жылы ауаның шығатын жерлерін көрсетті. Терезе блоктарындағы және шатырдағы жабындарда жылу ең көп шығындалатын көрінеді. Ғимараттардың контурларында да проблемалар бар. Атап айтқанда, бұған үйлердің жалпы тозуы да себеп болып отыр. Осының барлығы ғимараттардың ішіндегі температураға сөзсіз әсер етеді, сондықтан тексеру жүргізген комиссия тұрғын үйлердің бұрыштары мен қабырғаларын қымтауға ұсыныс.